Бір мазасыз күй кешіп…

Тегінде, адам баласы шайтанның айтқанына көне берсе керек. Шайтан құрғыр, азғырған үстіне азғыра береді. Әлбетте, осылай көсемсіп, жатқаным, өңшең алты әріпті азғырушының айтқанына көніп, айдағанына жүретін көпшілікті көрген соң түйгенім ғой…ал, шын мәнінде, өрісі кең, өр рухты адам ешқашан олай жасамаса керек. «Адамның адамшылығы жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбы-құрдастан басталады»,- деп хәкім Абай жай ғана айта салмаған ғой, айналып келгенде, адамның адам болуы, не болмауы, айналасындағы адамдардың адам болуынан, яки болмауынан туындаса керек.

Терең ойға батасың, жүрегің тыныш таппай, бір мазасыз күй кешесің, жаныңды жаралайтын өмірдің небір соқпақтарына мұңаясың, күйінесің, «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» заманды, адамдардың бір-біріне зияны тимей, жылқының жусағанындай бейбіт те берекелі ғұмырды аңсайсың, армандайсың, жатып алып қиялдайсың, отырып алып, Жаратушыңнан жалынып, жалбарынып тілейсің, бірақ өмір өз арнасымен, өз заңымен, өз қиындығымен зымыраааап өтіп жатады…Содан, не амал, «Жазмыштан озмыш жоғын» мойындайсың, еріксіз көнесің, бәәәріне мойынұсынасың, әр әрсеге сабырмен қарауға тырысасың, жалғанды жалпағынан басеееп, шырт түкіріп жүре беруді жөн санайсың, бірақ, оның бәрін ойдағыдай орындай алмайсың…Баяғы сол, алты әріптің айтқанына еріп кете барасың, әп-сәтте өзгеріп шыға келесің, артын ала өкінесің, өкінгеннен не пайда, болары болып бояуы сіңгесін. Сөйтіп, жер бетіндегі алты миллиард адамның аяқтарының бір-екеуі болып, сен де дүниені өз айқайларыңмен күңірентесің, біреулердің жанын жаралайсың, көңіліне сызат түсіріп, сезіміне селкеу сыйлайсың,…Осылайша, әйтеуір, бір-біріміздің тыныштығымызды бұзыыып жүрген бейбааақ пенделерміз ғой. Өстіп, алысып-жұлысып, ағайын мен ағайын араздасып жүргенде қамшының сабындай келте ғұмырымыз өте шығады. Сонда, өмірге не үшін келдік? Оқырман, сіз өмірге не үшін келдіңіз?

Advertisements
Санаттары:Uncategorized

Сонымен, солай дедік…

сонымен, солай дейік

Қоғамның ауыратын жеріне алтын инесін сұға біліп, халықтың көкейінде жүрген сан қилы түйіткілдің түйінін тарқатып, шама-шарқынша қазақ үшін жұмыс жасап жатқан «Хабар» арнасындағы «Сонымен солай дейік» бағдарламасы туралы аз-кем баяндауды мақсат тұттым. Аталмыш бағдарламаның көгілдір экранның көрігін қыздырғанына бір жылға таяу уақыт болды. Осы уақыт аралығында көрерменнің көзайымына айналып үлгерген бағдарламаның көрсетілетін уақыты прайм-таймға өзгертіліпті.  Осыдан-ақ, «Сонымен солай дейіктің» көрермені көбейгенін байқаймыз және ол өзгеріс көрерменнің сұранысы бойынша енгізілген екен.

Сонымен, бұл бағдарлама Ресейдегі «Большая стирка», қазіргі «Пусть говоряттың» форматымен эфирге шықты. Ал, негізі, идеяның түп-төркіні әлемдегі ең атақты, әрі ең ауқатты әйел Опра Уинфридің «Опра Уинфри шоуынан» бастау алады. Әйгілі журналист, тамаша әртіс, шылқыған бай әйел өз жобасын 1986-жылы жарыққа шығарғанда күллі америкалықтар шоуды жапа-тармағай тамашалайтын болды. Сол кезден бастап бұл бағдарламаның атағы жер жарып, әлемді шарлады. Басындағы мұңын, ішіндегі бүкіл қайғысын, жегідей жеген уайымын айтып көмек сұрап келетін жімлә жұртқа Опра тиісті көмегін беретін жарылқаушылары сияқты. Жобаның жақсылығы да осы болды.   Артын ала,  жарқ еткен сенсацияға жалп етіп құлай кететін әдетпен, Ресейдің «Бірінші арнасы» (Первый канал) «Большая стиркасын» көгілдір экранда көлбеңдетті. «Пусть говорят» сахналық декарация, дизайн көркемдеуі жағынан, таңдаған тақырыптың үдесінен шығу жолында журналистердің ізденістері де көңіл көншітерлік. Көрерменді бағдарлама жүргізу шеберлігімен баурап алатын  Андрей Малахов та аталмыш жоба үшін сәтті таңдалған журналист. «Мы обсуждаем не выдуманный историю, которая невазможна молчать»  деп бағдарламаның беташарын жасайтын Малахов әу дегеннен көрерменнің назарын аударып алады. «Пусть говоряттың» артықшылығы осында болса керек. Бүгінде аталмыш бағдарламаның тұрақты көрермендері Малаховсыз  «Пусть говорятты», «Пусть говорятсыз» Малаховты елестете алмайды. Екеуі өзара сіңісіп, астасып кеткен. Сол сияқты Опра Уинфри де өзінің атақты «Опра Уинфри шоуынан» ажырағысы жоқ. Опраны жеңіс пен телегей теңіз табысқа да жеткізген осынау атақты  шоу. Бүгінгі  таңда біздің елімізде де осындай бағдарламаны қажет ететін қаймана  қазақтың халін ойлаған  журналист қауым «Сонымен солай дейікті» эфирден жарқ еткізді. Дәрменсіз күйдің дәруішін ғана іздеген қоғам өкілдеріне, мемлекеттік маңызы бар тақырыптарға қозғау салып, қоңырау соққан журналистердің еңбегі халықтың да көңілінен шығып жатыр. Тег «Далее»

Санаттары:Uncategorized

Той – туризм


 

«Мен өмірге ғашықпын…»

Ойлы жас, өлең менің бар тынысым,

Жақсы сөзім жаны игі халқым үшін.

Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,

Біреулерден жүргем жоқ арту үшін

Шынында да, осылай деп жырлаған Мұқағали ақын атақ пен бақты қумаған еді. Оның ақ адал жүрегі, пейілінде арамдық жоқ пәк көңілі, өзінің поэзиясымен астасып өлең әлемінде өзінше өрнек өрді. Мұқағали ақын жадыраған жарық дүниені, аласапыранға айналған өмірін сүйді. Ақын бірде «Мен сені сүйгем, жаныммен сүйгем, жарық күн, жатсам да сүйем, тұңғиығында тамұқтың» деп оқырманымен табыттың иесі болып сырласады. Асылында, зор таланттың иесі, Құдайдың мейірі түскен жандар тағдырына бағынбайтын болса керек. Өйткені олар жүректің дәргейіндегі адамдар. Мұқағали атам да тағдырына бағынғысы жоқ, ол жүректің қалауын орындады. Бұралаң-бұлтарысы мол заманда тағдыр толқыны қанша арпалысса да арда ақынды  теңіз жағасына шығарып тастай алмады. Сөйтіп, Мұқағали өлеңінің өлмеуі үшін жан аяспай күресті, діттегеніне жетіп, «Жүрегінің түбіне кір жасырмай»,  айтарын айтып кетті. «Жеңілді әкем, өмірден жеңілді анам, кейімеңдер, сендердің кегіңді алам. Мен өмірге ғашықпын, құшам оны, көнсін, мейлі көнбесін өмір маған» дейді қаһармандық рухпен тағдырына қасқая қарсы тұрған ақын. Тағы бірде «Өмір деген біреу бар билік құрған, билігінен мен соның қақ бөліндім» деп жырлайды жарықтық…

Тег «Далее»

Санаттары:Uncategorized

Айтайын дегенім…

Сәлем, блогшы қауым! Араға айлааар салып блогыма жазба енгізгелі отырмын.  Негізі, блог жүргізуге ықыласым болмай қалған, енді сол есіме түсіп кеткесін блогыма кіріп отырған жайым бар. Жаңа жазбаны қалай енгізетінін де ұмытып қалыппын. Ағылшыншаны  шашпақ тұрмақ, қақпаймын да ғой )).  Әйтеуір, шұқшиып отырып таптым. Сонымен, айтайын дегенім, «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деп сөге көрмеңіздер, өткендеее, шілденің 29-30-ы күндері қазақтың арда ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына барып едім. Сондағы әсерімді жазған едім ғой, соны блогыма жариялау енді  есіме түсіп отыр. Жақсылықтың ерте кеші жоқ қой, не болса да оқып шығыңыздар.

Санаттары:Uncategorized

Қоғамды құрсаған қымбатшылық

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы жолдауында « Былтыр біз зейнетақы мен стипендия көлемін, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын 30 пайызға өсіреміз», – деп мәлімдеді. Қымбатшылық етек жайған бүгінгі қоғамда бұл халқымыздың әлеуметтік жағдайын  жақсартуға қаншалықты септігін тигізеді?  Сәбилі болған жас отбасылардың, тұрмыс құрған студенттердің жағдайы қандай болмақ? Тег «Далее»

Санаттары:Uncategorized

Мен туғанда әкем ағаш егіпті…

   Қазақтың ән әлемінде қайталанбас өзіндік үнімен дараланатын қазақтың бағына біткен  қадау бір талант иесі бар. Ол – Нұрғали Нүсіпжанов. Оның дауысын естімеген жан жоқ шығар. Бірақ ағаш өсіріп, жүрген жерін жасыл желекке айналдыру оның сүйікті ісі екенін біреу білсе, біреу білмейді. Жетпістен асқан ағамыздың бұл шаруасы хақында тереңірек білгіміз келіп, қазіргі таңда ағамыз қызмет жасайтын Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияға барып, әңгімелескен едік.

Тег «Далее»

Санаттары:Uncategorized

«Бұрымды жігіттердің» намысына налимын

Қаңтар 24, 2011 1 comment

Жаһанданудың лебі ескен заманымызда  ұлттық болмысын батыстың баттиған бояуына бояп қойған «Америкалық маргиналдар» күн санап  өсіп келеді. Бұл ұлт ұрпағының бабалар аманатына адал болмағанының белгісі. Бәрі деп көпке топырақ шашудан аулақпын, бірақ мойындайықшы қазір таза қазақша сөйлейтін адам саны кемде-кем, өкінішке орай. Осылайша, тіл мәселесінде «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» күйін кешіп отырмыз.

               Бүгінгі жастарымыз көзі ашық, көкірегі ояу, құлдық санадан арылған жаңа буын десек те, ата салтты, ұлттық дәстүрді білмеген, білсе де орындамай келе жатқан буын. «Заманға сай болу керек» деген шала-жансар пікірлерімен қаракөз қыздарымыздың ашық-шашық киініп, шаштарын ешкінің құйрығы құсатып келте қылып қиюы, жігіттеріміздің құлақтарына сырға тағу, шаштарын өсіру секілді көрген көзге түрпідей тиетін «имидж» жасауынан еліне емес, өзгеге еліктеген жастар келбетін көреміз.

Тег «Далее»

Санаттары:Uncategorized