Негізгі бет > Проза > Cөзге сараң таксист

Cөзге сараң таксист

Кешкі сағат 17:12 . Мен Ұзынағашқа қайтуға жолға шыққан едім. Әдеттегідей ҚазҰУ аялдамасынан 105-ке отырдым. Дәл қаладағы автокөлік қозғалысының басталған уақытында шыққандықтан кептеліске түстік те қалдық. Оның үстіне автобус ішінде ине шаншар жер жоқ. Тынысым тарайып, талықсып, зорға дегенде Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысына келіп түстім. Бағдаршамды байқап тұрып, жасыл жанғаннан соң бірден жолдан өтіп, “Ұзынағаш, Ұзынағаш” деп кеңірдегін керіп, тіршілік қамымен жүрген таксистерге таяп бардым. Содан не керек, қыр мұрынды, жақтары шығыңқы, көздері шарасынан шығып кетердей көрінген қара торы жас шамасы отыздан асып жығылатын аласа бойлы таксист ағаның машинасына отырдым. Отыра салысымен ағамыз ортада орналасқан титтай ғана магнитофонының тетігін сұқ саусағымен енжар ғана түртіп қалды.
Бұлқынды жүрек, бұлқынды,
Тұлпарлар көкке ұмтылды.
Аңсадым, халқым, аңсадым,
Арманға толы бұл күнді, – деп сайрай жөнелді. Құлаққа өте жағымды, әсем әуен автобуста ығы-жығым шығып, жүрегім айнып түскен менің жанымды бір жадыратты. Бірден көңілім көтеріліп сала берді. Сәлден соң ағаға:
- Қазақ радиосын жиі тыңдайсыз ба? – деп сұрақ қойып әңгімеге тарттым.
- Иә, тыңдаймыз ғой! – дей салды.
- Қазақ радиосы несімен тартымды?
- Енді,( ойланып) әндерімен!- деп тағы да қысқа қайырды. Дәл осы кезде менің есіме, былтыр Клара апай айтқан әңгіме сақ ете түсті. “Кейбір адамдарға сұрақ қойсаң “иә” немесе “жоқ” деп қана жауап береді. Өмірде неше түрлі адамдар бар, осындай жағдайда журналист амалын тауып, объектін сөйлете алу керек” деген еді. Менің әңгімеге тартып отырған ағам тура сондай адамдардың қатарынан екен. Иә, сөзге сараң адам. Амал нешік, мен осыдан соң сұрақ қоймадым. Үн-түнсіз отырып ойға баттым. Көліктің алдыңғы әйнегі көлденеңінен сынған, шамасы кішкентай тас жеңіл тиген де, сынған жері тамырға тараған қан іспетті әйнекті сырып өткен.
Күннің ұясына батып, қызарыңқыраған бұлттар аспанды шарлап кеткен апақ-сапақ уақытта Ұзынағашқа жетіп, тиісті аялдамаға түстім де, үйге қарай тарттым.

Categories: Проза
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.